Мейіргер ісін дамытудың қазіргі тенденциясы Қазақстан Республикасының қазіргі Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің маңызды рөлін көрсетеді. Мейіргер қызметкерлері атқаратын функциялардың әртүрлілігі денсаулыққа әсер ететін факторларды, аурулардың себептерін, оларды емдеу және оңалту әдістерін, сондай-ақ медициналық көмек жүзеге асырылатын және денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істейтін экологиялық, әлеуметтік және басқа жағдайларды түсінуді талап етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мейіргер қызметкерлерін халықтың қол жетімді медициналық көмекке деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырудың нақты әлеуеті ретінде қарастырады

Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттеріндегі әріптестерімен бірлесіп Қазақстандағы мейіргерлік білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі Жол картасын әзірледі.

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың жоғары кәсіби клиникалық бағдарланған медицина мамандарын даярлауға арналған білім беру бағдарламасы Финляндияның қолданбалы ғылымдар университетінің сарапшыларымен бірлесіп әзірленді. Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы еуропалық директиваларға сәйкес құзыреттілікке бағытталған білім беру принциптерін қарастырады.

2018 жылдан бастап колледжде "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы енгізілді. Бұл оқытудың негізгі мақсаты - оқу кезеңінде және практикалық іс-әрекетте алған білімдерін белсенді және тиімді пайдалана алатын, сыни және аналитикалық ойлауға, ресурстарды тиімді басқаруға және пациенттің қауіпсіздік қағидаттарына сәйкес жұмыс істеуге қабілетті жаңа формациядағы тәжірибеге бағытталған мейіргер мамандарын даярлау.

Студенттердің клиникалық практикасын іске асыру саласындағы жаңа және маңызды бағыт менторлық (тәлімгерлік) болып табылады. Медициналық ұйымдардан білім беру бағдарламасын іске асыру үшін кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі мол мейіргерлер арасынан ментор тағайындалды. Практикалық сабақтар, клиникалық және диплом алдындағы практика үшін клиникалық база, медициналық колледж және студент арасында үш жақты шарт жасалды.

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді , "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы және білім алушылардың орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнына және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

Оқу нәтижелерінің жетістіктерін бағалау бақылаудың әртүрлі түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау ("Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығы). Бақылау жұмыстары, сынақтар, сараланған сынақтар және курстық жұмыстар модульді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімдерде жүргізіледі.

Өндірістік оқыту медициналық ұйымдарда тәлімгердің басшылығымен жұмыс берушілер шарт негізінде ұсынатын жұмыс орындарында жүзеге асырылады және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Өндірістік және диплом алдындағы практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс жоспарларымен және оқу жұмыс бағдарламаларымен анықталады.

"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысына сәйкес кіші мейіргерден бастап Мейіргер ісінің PhD докторына дейінгі мейіргер мамандарын даярлаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді; мейіргер ісі бойынша қолданбалы және академиялық бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның интеграцияланған бағдарламалары, оның ішінде жұмыс істейтін мейіргерлерге орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мейіргерлік білім алуға мүмкіндік беретін жеделдетілген бакалавриат бағдарламалары әзірленді. Мейіргерлік қызметтің жаңа моделі енгізілуде. 15 клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар және дәрігердің кейбір функционалдығын кеңейтілген мейіргерлерге беруді реттейтін 45-ке жуық стандартты операциялық рәсімдер және оларға сәйкес бастапқы мейіргерлік құжаттаманың 33 нысаны әзірленді. Clinical Care Classification мейіргерлік практикасының халықаралық жіктеуіші, сондай–ақ стационарлық мейіргерлер мен МСӘК үшін COVID-19 кезіндегі мейіргерлік құжаттама дайындалды.

"Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 46 бұйрығына сәйкес: "Мейіргер ісі" кәсіптік стандартына СБШ 5-деңгейі- кеңейтілген тәжірибе мейіргері /мед ағасы мамандығының карточкасы енгізілді.

Мейіргер ісінің қолданбалы бакалаврының лауазымдық міндеттері:

  • Мейіргерлік зерттеп-қарауды жүзеге асырады.
  • Мейіргерлік диагноз қояды.
  • Пациент үшін мейіргерлік араласулар жоспарын жасайды.
  • Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлердің мейіргерлік іс-шараларды іске асыруын бақылайды.
  • Жалпы практикада, терапияда, хирургияда, акушерия мен гинекологияда, психиатрияда, гериатрияда, оңалтуда, паллиативтік күтімде және денсаулық сақтау саласының мамандандырылған салаларында медициналық-санитариялық алғашқы және стационарлық деңгейлерде белгіленген мейіргерлік араласулар жоспарының тиімділігін бағалайды.
  • Өз құзыреті шегінде аса кең таралған инфекциялық емес аурулары және жіті респираторлық вирустық инфекциялары бар пациенттерді жеке қабылдауды жүзеге асырады.
  • Пациент пен отбасы мүшелерінің жалпы күтім және ауруды басқару рәсімдеріне оқытуын ұйымдастырады, тиімділігін мониторингтейді және бақылайды.
  • Жүкті әйелдерге, босанғаннан кейінгі әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға, диспансерлік науқастар мен қарттарға патронаж жасайды.
  • Денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикалық жөніндегі қызметті ұйымдастырады, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлердің профилактикалық іс-шараларын іске асыруын бақылайды, іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды.
  • Емдік-профилактикалық мекемеде дәрілік заттарды, қан препараттарын және қан алмастырғыштарды есепке алуды және сақтауды, Есепке алу-есептік мейіргерлік құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді
  • Мейіргерлердің дәрігерлік тағайындауларды тиісінше орындауын ұйымдастырады.
  • Азаматтарға медициналық алғашқы көмек, оның ішінде төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді.
  • Қауіпсіз аурухана ортасының ұйымдастырылуын және инфекциялық бақылауды қамтамасыз етеді.
  • Медициналық этиканы, өртке қарсы қауіпсіздіктің ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
  • Мейіргерлердің, дәрігерлердің және басқа да денсаулық сақтау жүмыскерлерінің кәсіби аралық жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Мейіргерлердің дәрігерлік тағайындауларды тиісінше орындауын ұйымдастырады.
  • Дәлелді мейіргерлік нұсқаулықтар мен хаттамаларды әзірлеуге қатысады.
  • Мейіргер ісінің сапасын жақсарту бойынша ұйымдастыру саясаты мен қызметін әзірлеуге қатысады.
  • Электрондық денсаулық жағдайында мейіргерлік құжаттаманың ұйымдастырылуын бақылайды

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша студенттерді тәрбиелеудің негізгі міндеті-болашақ маманның кәсіби бағытын, әлеуметтік бейімделуін дамыту, жан-жақты және үйлесімді дамыған шығармашылық тұлғаны қалыптастыру. "Мейіргер ісі" мамандығының студенттері үйірме жұмыстарының белсенді қатысушылары болып табылады, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады.

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg
  • ҚЖББББ
  • Е-КОЛЛЕДЖ