Колледждегі әлеуметтік педагогтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Колледждегі әлеуметтік педагог студенттердің психологиялық, әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етіп, олардың оқу орнына бейімделуіне, тұлғалық дамуына және әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі.
Міндеттері:
1. Студенттердің әлеуметтік жағдайын бақылау
- Әлеуметтік осал топтарға (аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) көмек көрсету.
- Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп қолдау шараларын ұйымдастыру.
2. Студенттердің құқықтарын қорғау
- Олардың құқықтарының сақталуын қадағалау.
- Студенттердің дискриминацияға, зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бақылау.
3. Колледжге бейімделуге көмектесу
- 1-курс студенттеріне бейімделу тренингтерін ұйымдастыру.
- Үлгерімі төмен немесе тәртіп мәселелері бар студенттермен жеке жұмыс жүргізу.
4. Психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету
- Студенттерге кеңес беру (отбасылық, қаржылық, қарым-қатынас мәселелері бойынша).
- Дағдарыстық жағдайға тап болған студенттерге көмек көрсету.
5. Отбасымен және оқу орнының әкімшілігімен жұмыс
- Ата-аналармен кері байланыс орнату.
- Колледж әкімшілігімен бірге студенттерге қолайлы жағдай жасау.
6. Тәртіп бұзушылықтың алдын алу
- Девиантты мінез-құлықтың (агрессия, тәуелділік, суицидтік ойлар) алдын алу шараларын жүргізу.
- Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, профилактикалық шаралар ұйымдастыру.
7. Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар ұйымдастыру
- Қайырымдылық акциялары, волонтерлік бағдарламалар өткізу.
- Студенттердің өзін-өзі дамытуына және қоғамға бейімделуіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
8. Құжаттармен жұмыс
- Әлеуметтік есеп жүргізу.
- Студенттердің әлеуметтік картасын жасау және жаңарту.
- Әлеуметтік көмекке құжаттарды рәсімдеуге көмектесу.
Колледждегі әлеуметтік педагогтың рөлі өте маңызды, өйткені ол студенттердің білім алуына, әлеуметтік жағдайына және психологиялық әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Әлеуметтік педагогтің жұмыс кестесі
Жұмыс кестесі: | |
Дүйсенбі |
09.00 – 13.00 14.00 – 18.00 |
Сейсенбі |
09.00 – 13.00 14.00 – 18.00 /Әдістемелік күн/ |
Сәрсенбі |
09.00 – 13.00 14.00 – 18.00 |
Бейсенбі |
09.00 – 13.00 14.00 – 18.00 |
Жұма |
09.00 – 13.00 15.00 – 18.00 |
Барлығы | 40 сағат |
Кеңес беру: | |
Ата-аналар үшін | 10.00 – 12.00 |
Педагогтар үшін | 14.00 – 16.00 |
1.«Бала қорғау бұрышын» ұйымдастыру, бала құқығын қорғау бойынша стендтерге хабарламалар ілу, білім алушылар арасында «Бала құқығы – адам құқығы» атты плакаттар сайысын ұйымдастырылды.
Мақсаты:
1.Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру
2.Өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру
3. Заңдарды сыйлап,өз құқығын қорғауға тәрбиелеу
2.Бөлім студенттерінің арасында «Темекі және улы заттардың зияндылығы» жөнінде акция өткізілді.
ТЖМК әлеуметтік педагогы Ш.Даулетбаева мен Емдеу ісі бөлімінің кураторлары А.С.Нурсейтова ұстаздардың ұйымдастыруымен «Біз темекіге қарсымыз!» акциясын ұйымдастырды.
Мақсаты:
Білім алушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3.Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік шаралары” тақырыбы аясында сұхбаттасу кеші өтті
Түркістан жоғары медицина колледжінде жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстық құқықбұзушылықтар және де басқа да заң бұзушылықтарға қатысты профилактикалық жұмыстар аясында 2-6 желтоқсан аралығында "Қауіпсіздік апталығының" жоспары бойынша әлеуметтік-педагог Ш.Даулетбаеваның ұйымдастыруымен “Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік шаралары” атты сұхбаттасу кеші өтті.
Мақсаты: қазіргі таңдағы әлеуметтік желіде ақпарат тарату мүмкіндігі жоғарлауынан деструктивті идеяларды насихаттайтын теріс ағымдардан сақтануға шақыру, бүкіләлемдік өрмек – әлеуметтік желіге байланысты студеттерде толық ой алыптастыру, әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын түсіндіру.