Жаңа форматтағы біліктілік санаты бар оқытушылардың үлесі (педагог-модератор – 72, педагог-эксперт – 19, педагог-зерттеуші – 11, педагог-шебер – 5) штаттық оқытушылардың жалпы санының 59,1%-ын құрайды.
(https://drive.google.com/file/d/1JpHdWt-NOqK02u1mROlaDDlN66s-_Fef/view?usp=sharing).
Колледждің профессорлық-оқытушылық құрамы (ПОҚ) кемінде үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курсынан өтуі міндетті.
Соңғы 5 жылда оқытушылардың 100%-ы біліктілікті арттыру курсынан өтті.
(https://drive.google.com/drive/folders/1TRtSBZRcksexLnPwCJSxmpFx1bBx-VTw?usp=sharing).
2020–2025 жылдар аралығында оқытушылар келесі курстар бойынша біліктілігін арттырды:
2020–2021 оқу жылында НАО «Talap» ұйымдастырған курстарда:
- «Оқытудағы цифрлық технологиялар: заманауи педагогтің құралдары» курсы бойынша – 115 оқытушы;
- «CLIL, TBLT әдістемелері мен BOPPPS моделін қолдана отырып, ағылшын тілінде оқыту» курсы бойынша – 75 арнайы пән оқытушысы.
2021–2022 оқу жылында «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан – 42 жалпы білім беретін пән оқытушысы өтті.
2022–2023 оқу жылында НАО «Talap» ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» бағдарламасы бойынша – 65 арнайы пән оқытушысы біліктілігін арттырды.
2023 жылдың маусым–шілде айларында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент филиалында «Колледжде жалпы білім беретін пәндерді оқыту: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары» курсы бойынша – 25 жалпы білім беретін пән оқытушысы мен педагог-психологтар білім алды.
2024 жылы біліктілікті арттырғандар:
- 4 дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы;
- 2 бастапқы әскери және технологиялық дайындық (НВП) пәнінің оқытушысы;
- «Бизнес және басқару, құқық» бағыты бойынша – 1 оқытушы;
- Қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасы бойынша – 2 оқытушы;
- 1 педагог-социолог.