КОЛЛЕДЖДІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Қасиетті Түркістан шаһарының төрінде орналасқан Түркістан медицина колледжі республикамыздағы тарихы бай, қызметі бойынша алдыңғы қатарлы орта кәсіптік оқу орындарының қатарынан саналады. Қасиетті қаланың әлеуметтік және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарып келе жатқан оқу орнының тарихы оңтүстік өңірдің дамуымен тығыз байланыста өрбіді. <![if !vml]>ТМУ Яхяев Р<![endif]>Қазақ КСРО Министрлер Кеңесінің 1953 ж. 13 қазандағы №994-Р Жарлығына сәйкес, Түркістан қаласында 60 адамды қамтитын фельдшерлік мектеп ашылды.

Бұл фельдшерлік мектеп 1954 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір медицина училищесінің Түркістандағы филиалына айналды. Жаңадан құрылған филиалдың директоры болып Аллабергенов Балтабай Тілеуліұлы тағайындалып, ол 1956 жылға дейін абыройлы қызмет атқарды. Балтабай Тілеуліұлы Түркістан өңірінен шыққан зиялы, 1906 ж. IV Ресей мемлекеттік думасына Сырдария облысынан депутат болып сайланған Тілеулі Алдабергеновтың ұлы болатын. Елге сыйлы әкесінің жолын қуып, қаланың әлеуметтік дамуындағы оқу орнының маңызын жете түсінген басшы филиалдың қалыпты жұмыс істеуіне көп ықпал жасады.

1956-1958 жж. филиалды Сейілбек Алагөзов басқарды.

1958 ж. түрлі себептерге байланысты филиал жабылып, оның орнына «Қызыл крест» қоғамының мектебі құрылды.

1963 ж. Ленгір медицина училищесінің Түркістандағы филиалы қайтадан ашылып, оқу орнын Любовь Яковлевна Шалаева басқарды. Сол кезде филиалда тек шектеулі контингентте мейірбике ісі мамандарын ғана дайындайтын.

1965 жылы тамыз айында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №1786-Р Жарлығына сәйкес аталмыш оқу орны өз алдына дербес Түркістан медицина училищесі болып ашылды.

<![if !vml]>жарлык

Училище ашылған кезде оқу орнының алдында шешімін табуы тиіс күрделі мәселелер өте көп еді.

Алғашқы кезекте оқу орнын арнайы ғимаратпен, жиһаздармен, оқулықтар және көрнекі құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуі керек болды. Осы мәселелерді шешіп, бұрынғы филиалды қазіргі заманғы оқу орнына айналдыру үшін Р.Я.Яхяев түрлі құзырлы мекемелермен келіссөздер жүргізіп, қысқа мерзімде талапқа сай оқу орнын қалыптастыра алды. Ескі ғимарат жөнделіп, оған қосымша кітапхана және 2 оқу бөлмесі салынды. Түркістан медицина училищесінде 1965-1985 жж. фельдшер, акушер және мейірбике мамандарын даярлайтын бөлімдер жұмыс істеді. Бұрынғы филиалда білім алып жүрген студенттер өз білімдерін осы училищеде жалғастырды.


<![endif]>

Р.Я.Яхяевтың басшылығымен медицина училищесінің жаңа оқу ғимараты, жатақхана, спорт залы, жылыжай, бассейн және т.б. құрылыстар салынып, оқу орнының кешенді материалдық-техникалық базасы қалыптасты.

Әбдіханов Қалихан Өтешұлы 1985 ж. Түркістан медицина училищесіне ауысу тәртібімен директор қызметіне тағайындалды.

<![if !vml]>ТМК -  Бұйрық Яхяев  1968-69 002

Абдиханов бұйрық1985<![endif]>

1993 ж. Түркістан медицина училищесі колледж статусына ие болып,  Түркістан медицина колледжіне директор болып  қайта тағайындалды.

Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрі В.Н.Девятконың  1994 жылдың тамыз айындағы 208-л бұйрығымен Түркістан медицина колледжі  директоры қызметіне  м.ғ.д., Шалхаров Сайлаубек Шалхарұлы тағайындалды.

Оның бастамасымен 1994-1998 жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ базасында алғашқы рет медицина мамандарын көпсатылы деңгейде «колледж-вуз» жүйесі бойынша даярлау аппробациясы жүргізіліп, оның нәтижесінде медицина колледждері бітірушілерін жеделдетілген курс бойынша оқыту Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілді.

«Колледж–ВУЗ» оқу бағдарламасының енгізілуіне байланысты оқу процесінің өз деңгейінде жүргізілуіне орай колледж директоры С.Ш.Шалхаровтың бұйрығыменен мына кафедралар құрылды:

1. Морфология кафедрасы, меңгерушісі уақытша Омаралиев Исрафил Омарәлі ұлы;

2. Химия, физика және жалпы қоғамдық пәндер кафедрасы, меңгерушісі профессор, техника ғылымдарының докторы, Ақбасова Аманкүл Жаханқызы.

3. Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы, меңгерушісі доцент Байтұрсынов Қожахмет Құлахметұлы.

4. Фармация, фармакология және биохимия кафедрасы, меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты Юсупов Абдурайм Халилұлы.

5. Дене тәрбиесі кафедарсы –директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Божбанбаев Марат Жолдасұлы.

6. Терапия кафедрасы,  меңгерушісі  Мухамбетов Құланәлі Дарбозұлы.

7. Хирургия  кафедрасы, меңгерушісі аға оқытушы Рахашев Құрманғали Рахашұлы.

8. Педиатрия, акушерство және гинекология  кафедрасы, меңгерушісі    аға оқытушы Рысбеков Қыдырәлі Оспанұлы.

9. Жұқпалы аурулар және арнайы медициналық пәндер кафедрасы, меңгерушісі   аға оқытушы Исаханов Аззамжан Халметұлы.

10. Гигиена және мейрбике ісі негіздері кафедрасы, меңгерушісі аға оқытушы Бодрова Светлана Алексеевна.

1999–2000 оқу жылынан бастап колледжде «Лабораториялық диагностика», «Фармация», «Стоматология» мамандарын даярлау бөлімдері ашылды.

Түркістан медицина колледжі өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтті.

         Бүгінгі Түркістан медицина колледжі-уақыт талабына сай заманауи мықты оқу орны. Шәкірттерді ізгілікке тәрбиелеуде, олардың шеберліктерін, біліктіліктерін арттыру мақсатында колледжде 323 оқытушы қызмет етеді. Оның ішінде 3 профессор, 7 ғылым кандидаты, 20 магистр, 50 жоғарғы санатты, 38 бірінші санатты дәрігерлер мен педагогтар дәріс береді. 

Колледжде 4 «Денсаулық сақтау ісінің үздіктері», 6 «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері қызмет етеді.

Дағдарысты еңсеруге арналған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламасы бойынша колледждің оқу ғимараты, спорт залы, жатақханасы толығымен күрделі жөндеуден өткізілді. Білім алушылар үшін соңғы үлгіде жабдықталған, озық технологиялармен қамтамасыз етілген оқу бөлмелері даярланды. Колледжде 5 қабатты оқу ғимараты, 4 қабатты жатақхана, 105 оқу лабораториялары мен пән бөлмелері, 10 дәріс залы, спорт кешені, бассейн, кітапхана, 3 оқу залы, 5 компьютер класы, 20 интерактивті тақтамен жабдықталған  дәріс бөлмелері, «ЛАМАЗ» мектебі, клиникаға дейінгі бөлмелер, қалыпты және патологиялық анатомия мұражайы, фитобар, фитоогород, оқу дәріханасы, стоматологиялық оқу-поликлиникалық орталығы бар. Колледжде дәріс барысында соңғы үлгідегі ақпараттық және инновациялық технологиялар кеңінен қолданылады. 2009 және 2011 жылдары қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен түрлі номинациялар сайысының қорытындысы бойынша Түркістан медицина колледжі «Жылдың ең үздік колледжі» номинациясына ие болды.

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg