Барлық оқу-әдістемелік құжаттама, колледж педагогтары тарапынан әзірленіп, ресімделетін құжаттар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (2021 жылғы 16 қыркүйектегі өзгерістермен) толық сәйкес ресімделеді.

            Педагогтердің құжаттарды енгізуі қағаз және (немесе) электрондық форматта жүзеге асырылады. Білім беру ұйымы ақпараттық жүйеге қосылған кезде құжаттарды қағаз түрінде толтыру міндетті емес.

      1. Жалпы білім беретін, арнайы пәндердің педагогі, өндірістік оқыту шебері:

      күн сайын сабақ кестесі мен оқу процесінің кестесіне сәйкес:

      1) оқу сабағының жоспарын;

      2) теориялық оқытуды есепке алу журналын, жеке сабақтарды есепке алу журналын, өндірістік оқытуды есепке алу журналын әзірлейді/жүргізеді.

      білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу кезінде:

      емтихан ведомосын;

      оқу жылының басында жылына бір рет:

      пән/модуль/өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      2. Оқу тобының жетекшісі:

      оқу жылының басында жылына бір рет:

      топтың оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді.

      3. Әлеуметтік педагог:

      ай сайын, оқу жылы ішінде:

      девиантты мінез-құлықты білім алушыларды есепке алу журналын жүргізеді.

      оқу жылының басында жылына бір рет:

      әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлейді.

      4. Жатақхана тәрбиешісі:

      оқу жылының басында жылына бір рет:

      жатақхана тәрбиешісінің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлейді.

      5. Оқу бөлімінің меңгерушісі:

      ай сайын:

      педагог жұмысының әрбір айға арналған оқу уақытын есепке алу ведомосін (сағатпен және (немесе) кредитпен) толтырады;

      оқу жылы ішінде қажет болған жағдайда:

      1) білім алушылар контингенті бойынша бұйрықтарды тіркеу кітабын;

      2) білім алушылардың атаулы кітабын;

      3) академиялық анықтама немесе транскрипт беру кітабын;

      4) дипломдардың телнұсқаларын беру кітабын жүргізеді.

      оқу жылының басында жылына бір рет:

      1) білім алушының үлгерім кітапшасын;

      2) білім алушының студенттік билетін ресімдеуді ұйымдастырады.

      оқу жылының аяғында жылына бір рет:

      1) диплом бланкілерін есепке алу журналын;

      2) диплом беру кітабын толтырады.

      6. Бөлім меңгерушісі:

      оқу жылының басында жылына бір рет:

      бөлім меңгерушісінің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлейді.

      7. Басшының орынбасары (қызмет бағыттары бойынша):

      оқу жылының басында жылына бір рет:

      1) педагогикалық кеңестің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын;

      2) оқу жұмыс жоспарын;

      3) педагогтердің тарификациялық тізімін;

      4) оқу жылына арналған (қызмет бағыттары бойынша) жұмыс жоспарын;

      5) оқу жылына арналған колледжішілік бақылау жоспарын әзірлейді.

      жылына бір рет оқу жылының басында пән/модуль/өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын бекітеді.

      оқу жылының аяғында жылына бір рет:

      педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосын (сағатпен және (немесе) кредитпен) толтырады.

      8. Басшы (директор):

      оқу жылының басында жылына бір рет:

      жұмыс жоспарын (қызмет бағыттары бойынша), колледжішілік бақылау жоспарын, оқу жұмыс жоспарын бекітеді.

      9. Педагогтік және әдістемелік кеңестердің хаттамалары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес (қағаз немесе электрондық форматтарында) жүргізіледі.

      Педагогтік кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4993 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларында айқындалған.

      Әдістемелік кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 болып тіркелген) Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесінде айқындалған.

 

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg