Абитаева Сауле Нуридинқызы

Абитаева Сауле Нуридинқызы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2005-2006 жылы акушерия – гинекология мамандығы бойынша интернатурасын тәмамдап, 2006 жылдан Түркістан медицина колледжінің хирургиялық аурулар ЦӘК-на «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы болып жұмысқа қабылданды

01.09.2012 жылдан бүгінгі күнге дейін «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі.

ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК қызмет ету барысында білім беру үрдісіне елеулі үлес қосып келеді және «Акушерия» пәнінен электронды оқулықтың авторы. «Акушерия» пәнінен оқулықтың авторы. «Гинекология» пәнінен дәрістер жинағын жазған.

Абитаева Сауле Нуридинқызы өз мамандығының шебері ретінде колледж ұжымы арасында беделді оқытушылардың бірі. Өзінің көп жылғы адал еңбегімен әріптестері арасында жоғарғы беделге ие. Білікті маман, өзіне тапсырылған міндеттерді жауапкершілікпен орындайды.

Өзінің адал еңбегі мен жоғары іскерлік және адамгершілік қасиеттерінің арқасында Түркістан облысы Денсаулық сақтау Басқармасының Құрмет грамотасымен,  Түркістан облысы Білім Басқармасы – Құрмет грамотасымен,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталған.  

 

Ержигитова Айгуль Сайлюбековна

Ержигитова Айгуль Сайлюбековна С.Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина институтінің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

01.08.1995  – Кентау орталық қалалық клиникалық  ауруханаға учаскелік дәрігері.

03.01.1996 – Кәсіптік даярлық аяқталғаннан кейін емхананың учаскелік терапевт дәрігері.

02.03.1996-1999  – Тері-венерология диспансерінің дәрігер дерматовенерологы.

09.11.1999-2002 –"Талғат" клиникасына дерматовенеролог дәрігері.

18.02.2002 – Түркістан медициналық колледжінің терапия кафедрасында дерматовенерология пәнінің оқытушысы.

20.05.2009-бүгінгі күнге дейін «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі.

 ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК қызмет  ету барысында білім беру үрдісіне елеулі үлес қосып келеді және жаңа стандарттар бойынша болашақ медицина қызметкерлерінің білім алуына ықпал етуде.

   «Дерматовенерология» пәнінен «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі »  мамандықтарына арналған оқу-әдістемелік құрал, оқу-әдістемелік кешенді дайындаған.

Өзінің адал еңбегі мен жоғары іскерлік және адамгершілік қасиеттерінің арқасында «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі,Түркістан облысы Денсаулық сақтау Басқармасының Құрмет грамотасымен,  Түркістан облысы Білім Басқармасы – Құрмет грамотасымен,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Юсупова Гульмира Шинтемировна

Юсупова Гульмира Шинтемировна Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2001-2002 жылы Жалпы әжірибелі дәрігер мамандығы бойынша интернатурасын тәмамдап, 2003 жылдан Түркістан медицина колледжінің жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК-на «Анатомия» пәнінің оқытушысы болып жұмысқа қабылданды

01.09.2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Лабораторялық диагностика», «Фармация», «Стоматология» бөлімінің меңгерушісі, жоғары дәрежелі оқытушы.

Оқу үрдісінің дамуына ерекше үлес қосып, орта буынды медицина қызметкерлерінің мамандарын дайындауда. Студенттерге арнайы пәндер бойынша «Оқу әдістемелік нұсқаулықтар» құрастырған. Әдістемелік, педагогикалық, ғылыми мақалалары Республикалық және Халықаралық басылымдарда жарық көрген. «Жас оқытушылар» мектебіне семинар сабақтар өтіп, «Оқытудың инновациялық технологиясы» бойынша өз тәжірибесімен жас оқытушыларға әдістемелік көмек беруде. Қала көлемінде, колледжде арнайы пәндер бойынша «Мастер класс» беріп, тәжірибесін таратқан. ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК қызмет ету барысында білім беру үрдісіне елеулі үлес қосып келеді және «Анатомия» пәнінен электронды оқулықтың авторы. «Анатомия» пәнінен студенттерге арналған тапсырмалары бар дәптердің авторы.

Юсупова Гульмира Шинтемировна өз мамандығының шебері ретінде колледж ұжымы арасында беделді оқытушылардың бірі. Өзінің көп жылғы адал еңбегімен әріптестері арасында жоғарғы беделге ие. Білікті маман, өзіне тапсырылған міндеттерді жауапкершілікпен орындайды.

Г. Юсупова өзінің адал еңбегі мен жоғары іскерлік және адамгершілік қасиеттерінің арқасында қала, облыс көлемінде мақтау қағаздармен мадақталған және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.  

 

Бабаханова Гузаль Абдураимовна

         Колледжде 0302000 "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлау 2018 жылдан бастап негізгі жалпы және жалпы орта білім беру базасында, оқу мерзімі 3 жыл 6 ай болатын мемлекеттік тілде және оқу мерзімі 1 жыл 6 ай болатын қолданбалы бакалавриаттың жеделдетілген бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.  

"Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры" бөлімінің меңгерушісі Бабаханова Гузаль Абдураимовна. Жалпы жұмыс өтілі -29 жыл, оның ішінде Түркістан жоғары медициналық колледжінде-24 жыл.   Еңбек жолын "Мейіргер ісінің негіздері" оқытушысы болып бастады. Педагог-шебер. Публикации, разработки:

Жарияланымдар, әзірлемелер:

  1. 2020 ж. «Клиникалық практиканы ұйымдастыру бойынша менторларға арналған әдістемелік ұсынымдар» - менторлар болып табылатын мейірлерге арналған әдістемелік ұсынымдар, ISBN 978-601-08-0438-8                                  
  2. "Онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек және мейіргерлікбикелік күтім" оқу құралы, ISBN 978-601-7310-00-4, 2023ж
  3. "Мейіргер ісіндегі қауіпсіздік және сапа" оқу құралы, ISBN 978-601-7310-01-1, 2023ж
  4. "Мейіргер ісі негіздері" оқу құралы, ISBN 978-601-7309-30-5, 2023ж

Марапаттар:

-        ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғысы;

-        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;

-        «Ұстаз жолы» республикалық қоғамы – «Елеулі еңбегі үшін» медалі;

-        "Медициналық колледждер одағы" ЗТБ, «Медициналық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;

-        Білім және ғылым министрлігі, «Құрмет грамотасы»;

-        Түркістан облысының Білім басқармасы, «Алғыс хат»;

-        Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы, «Құрмет грамотасы» ;

-        Түркістан қаласының әкімдігі, «Алғыс хат»;

-        Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК, «Алғыс хат».

 Кусембаева Дина Баниамановна

            Кусембаева Дина Баниамановна, 1973 жылы туған, жоғары білімі бар. 1992 жылы Жамбыл педагогикалық училищесін аяқтап, 1998 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және биология» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған, ал 2009 жылдан бері Түркістан жоғары медициналық колледжінде жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі және биология пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді. 32 жылдық педагогикалық өтілі бар педагог-зерттеуші. Еңбек қызметі барысында Дина Баниаманқызы адал еңбегі үшін бірнеше рет алғыс алып, Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

 

 

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg