«СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ

БІЛІКТІЛІГІ: ДАНТИСТ
9 - СЫНЫП БАЗАСЫНДА - 3 ЖЫЛ 10 АЙ
11 - СЫНЫП БАЗАСЫНДА - 2 ЖЫЛ 10 АЙ

Стоматология (грек. stoma, stomatos – ауыз және logos – ілім) – клиникалық медицинаның тіс, ауыз қуысы, жақ сүйектері, бет пен мойынның оған шектесетін бөліктерінің ауруларын зерттейтін саласы.

Дантист - стоматология мамандығының бір біліктілігі. Дантист тіс пен қызыл иек ауруларын емдеумен айналысады.

Дантист - орташа медициналық білімі бар тіс дәрігері. Тіс және ауыз қуысын мына көріністермен емдеуге құқылы – кариес, пародонтоз, стоматит.

Тіс дәрігерінің құзыретіне тексеру, бақылау, бұзылған тістерді, тіс шөгінділерін, тістеу патологиясын анықтау кіреді. “Дантист” біліктілігі орташа медициналық білімі бар маман тіс дәрігері, дәрігер – стоматолог көмекшісі, тіс технигі, тіс протездеу бөлімшесінің зертханашысы сияқты лауазымдарды атқара алады.

Дантисттің міндеттері:

  • Ол тістердің, ауыз қуысының және жақ-бет аймағының аурулары мен зақымдануларын диагностикалау мен емдеуді жүзеге асырады.
  • Тіс аурулары мен зақымдануының алдын алу, балалар мен ересектердегі ауыз қуысын санациялау бойынша жұмыстар жүргізеді.
  • Ол тіс протездерін, жасанды тәждерді, соның ішінде металл керамиканы, штифті тістердің қарапайым конструкцияларын, көпіртәріздес, бюгельді және алмалы-салмалы пластиналы протездерді, ортодонтиялық және жақ-бет конструкцияларын жасайды.
  • Бөлшектерді, протездер мен аппараттарды дәнекерлеу, балқыту, күйдіру, ағарту, әрлеу, жылтырату жұмыстарын жүргізеді.
  • Бөлімшені (кабинетті) медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және материалдармен жүйелі түрде толықтырады, бөлімшедегі мүлік пен медициналық құрал-саймандардың сақталуын және құрал-жабдықтардың уақытылы жөнделуін, күшті әсер ететін, улы, есірткі және психотроптық дәрілік заттарды есепке алу мен сақтаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
  • Асептика және антисептика ережелерінің орындалуын, тіс дәрігерінің тапсырмаларын уақтылы және дәл орындалуын, тіс протездеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Есепке алу-есеп беру медициналық құжаттарын жүргізеді.
  • Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.

Дантисттің бойында жауапкершілік, мұқияттылық, байсалдылық, шыдамдылық, зеректік, ақ пейілділік сияқты қасиеттер болуы тиіс.

Осы мамандықтың артықшылығы - аралас салаларды меңгеру, мамандандыру және дамыту мүмкіндігінің болуында, адамдарға көмектесуінде.

Дантистердің кәсіби қызмет орындары төмендегілер болып табылады:

  • емдеу-профилактикалық мекемелер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, тіс дәрігері және тіс технигі ретінде жұмыс істей алатын түрлі меншіктегі ауылдық дәрігерлік амбулаториялар.

Дантистер келесі қызмет түрлерін орындай алады:

  • орталықтарда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда, тіс техникалық зертханаларда әртүрлі жастағы науқастарға алғашқы тіс техникасына қатысты көмек көрсету;
  • әртүрлі жастағы балаларға,ересектерге ауыз қуысы аурулары туралы кеңестер беріп, иммунопрофилактика және диспансерлік бақылау жүргізу;
  • қазіргі заманға сай зерттеу әдістерін пайдалана отырып дифференциалдық диагностика жүргізу, сондай -ақ жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын алу

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg