Абдиханова Айгүл Каналбайқызы

 

 

Түркістан жоғары медицина колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдиханова Айгүл Каналбайқызы

Туған жылы: 1975 жыл 3 қаңтар

Туған жері: Түркістан облысы, Жетісай қаласы.

Білімі: Жоғары

1997 жыл Қазақ Мемлекеттік медицина университеті, акушер-гинеколог.

Еңбек жолы:

1998 жыл Түркістан қаласы «Талғат және компания» ауруханасының әйелдер босанатын бөлімінде акушер-гинеколог.

1999 жылы ақпан айынан бастап Түркістан жоғары медицина колледжінде акушерия-гинекология пәні бойынша оқытушы.

2005 жылы наурыз айынан Мейіргер ісі бөлімінің меңгерушісі.

2009 жылы 20-шы мамырдан қазіргі таңға дейін Түркістан жоғары медицина колледжі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Жоғары дәрежелі педагог, бірінші дәрежелі дәрігер, акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы.

ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджмент жүйесі бойынша аудиторлар тобының жетекшісі, басшылықтың Сапа бойынша өкілі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы Мемлекеттік аттестация комиссиясының мүшесі. Институционалды және мамандандырылған Аккредитациялық эксперттік топ жетекшісі.

Ғылыми еңбектері:

 «Акушерия» пәні бойынша оқулықтың, ҚР Әділет министрлігінде патенттелген 25 электронды оқулықтардың авторы. Педагогика, психология, акушерия, гинекология салаларының өзекті мәселелері бойынша 20-дан астам мақаласы республикалық басылымдарда жарық көрген.

Марапаттары:

  • ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің “Алғыс хаты”,
  • ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының, ОҚО Білім басқармасының, ОҚО әкімінің, Түркістан қаласы әкімінің Құрмет грамоталары;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері,
  • Психология ғылымдары Халықаралық Академиясының Құрметті мүшесі.

 

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg