ОҚУ БӨЛІМІ – ОҚУ ПРОЦЕСІН ЖҮЙЕЛЕЙТІН ОРТАЛЫҚ

                     

Түркістан  жоғары медицина колледжінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын оқу бөлімі оқу процесін ұйымдастырумен айналысады және іске асырылуын бақылайды.

Бүгінгі таңда оқу бөлімін «Кәсіптік орыс тілі» пәнінің оқытушысы Кулимова Лаззат Төреханқызы басқарып келеді.  

Оқу бөлімінің әдіскерлері Серікбаева Сауле Абиловна, Жайсанбаева Мөлдір Ержанқызы және оқу бөлімінің инспекторы  Срайыл  Айжан өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарады.

Оқу бөлімінің қызметкері теориялық және практикалық сабақтардың, емтихандардың кестесін құрайды. Сабақтың уақытылы басталып, аяқталуын қадағалайды.Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) толтыру жұмысы үнемі қадағалап отырады.

       Оқу  жылы ішінде қажет болған жағдайда:

      1) білім алушылар контингенті бойынша бұйрықтарды тіркеу кітабын;

      2) білім алушылардың атаулы кітабын;

      3) академиялық анықтама немесе транскрипт беру кітабын;

      4) дипломдардың телнұсқаларын беру кітабын жүргізеді.

      Оқу жылының басында жылына бір рет:

      1) білім алушының үлгерім кітапшасын;

      Оқу жылы ішінде  екі рет:

      1) диплом бланкілерін есепке алу журналын;

      2) диплом беру кітабын толтырады.

Колледж студенттерінің сапалы білім алуына оқу бөлімінің қосар үлесі мол. Сабақ барысында ақпараттық технологиялардың түрлерін кеңінен қолдануға және колледж студенттерінің оқу үрдісіне байланысты барлық қажеттіліктерін мүмкіндігінше қамтамасыз етуге ықпал етуде.

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg