Мирзахмедова Айгүл Досанқызы
Түркістан жоғары медицина колледжінің тәрбие бөліміне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жастар ұйымы, көркемдік жетекші, музыкалық жетекші, жатақхана тәрбиешілері, Студенттік үкімет, Қыздар кеңесі және Жігіттер кеңесі кіреді.
Тәрбие бөлімін 2002 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жоғары дәрежелі педагог, орыс тілі пәнінің оқытушысы Мирзахмедова Айгүл Досанқызы басқарады. Айгүл Досанқызы 27.03.1965 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік ауылшаруышылық институты – инженер-педагог,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Шымкент институты – орыс тілі және әдебиетінің бакалавры. ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғысымен, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен, ОҚО Білім басқармасының және ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы ҚБ ОҚО филиалының Құрмет грамоталарымен, Түркістан қаласы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен, «Нұр Отан» партиясының Түркістан қалалық филиалының “Алғыс хаттарымен” марапатталған.
2014 жылы Еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай Айгүл Досанқызы Мирзахмедова ҚР Білім және Ғылым министрі А.Сәрінжіповтің «Ы.Алтынсарин» медалімен марапатталды.
А.Мирзахмедова Түркістан медицина колледжінің тәрбие үрдісінің дамуына ерекше үлес қосып, оқу және тәрбие үрдісінің бірлігін іске асыруда. «Ұрпақ тазалығы - тәрбиеде» атты тәлімгерлерге арналған әдістемелік құралды әзірлеген.