Түркістан жоғары медицина колледжінде «Жастар ұйымы» 2002-2003 оқу жылында құрылған болатын. Қазіргі таңда жастардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалып келеді. Президентіміздің жастар саясатын жүзеге асыру үшін қабылдаған бағдарламасына сәйкес Түркістан жоғары медицина колледжінің «Жастар ұйымында» студенттердің өзін-өзі басқаруы үшін «Студенттік Парламент» ұйымы белсенді жұмыс жасайды. Одан бөлек Студенттік Парламент ұйымының жанынан құрылған 7 клуб дербес жұмыс атқарады. Олар: шығармашыл жастардың шабытын шыңдауға арналған «Поэзия жастары» клубы, еркін ой алаңы «Аңыз бен Ақиқат» дебат клубы, колледж қабырғасындағы студент жігіттердің бірлігін паш ететін «Азамат» жігіттер клубы, «Жүрек жылуы» еріктілер клубы, «Достық» клубы, «БиЛайк» би клубы, қыз көркемділігін насхаттайтын «Ақжүніс» қыздар кеңесі клубы.

«Жастар ұйымында» қызмет атқарған төрағалар мен мамандар:

2002 - 2005 оқу жылында Жастар ұйымының төрайымы - Дина Сүлейменова.

2005-ші жылдан бері Жастар ұйымының төрайымы - Гульмира Алдабергенова.

2011-2012 оқу жылында Жастар ісі маманы – Сейілхан Оспанов;

2013-2015 оқу жылында Жастар ісі маманы – Роллан Мейірбеков;

2015 – 2016 оқу жылында Жастар ісі маманы - Бақытжан Дүкенбай;

2020 – 2021 оқу жылынан бастап Жастар ісі маманы қызметін Алтай Рамазан атқарып келеді

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg