КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ СЕНІМДІ КЕПІЛІ
«ХХІ ғасыр - мәдениеттің,
ғылым мен білімнің ғасыры.
Бар білімнің қайнар
көзі – кітапхана»
Н. Ә.Назарбаев
Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің кең ордасы.
Кітапхананың мақсаты мен міндеттері:
- Оқырмандардың кітапқа және ақпаратқа деген жан-жақты қажеттіктерін қанағаттандыру, олардың оқуға және өздігінен білім алуға деген қажеттіктерін дамыту;
- Білім алушылардың интеллектуалдық, мәдени және имандылық даму мақсатында жәрдемдесу, қорда бар мәдени мұраны насихаттау, өз қызметінде жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдар алу;
- Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу, оларды кітапты, кітапхананы, ақпарат қорларын шебер пайдалану дағдысына үйрету;
- Кітапхана бойынша кітап қорын толықтырудың, сақталуының, кітап қорын тексерудің жалпы жауапкершілігі;
- Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстардың статистикалық және жазбаша есептерін дайындау;
- Қор есебінен шығарылған кітаптардың актілерімен, қорға байланысты құжаттармен жұмыстар жүргізу;
- Жаңадан келген кітаптармен техникалық жұмыстар жүргізу, штамптау, индекстеу, бағаларын жазу;
- Тіркеуден өткен кітаптарды КАБИС бағдарламасына енгізу;
- Актілерімен жұмыс жүргізу.
Кітапхананың негізгі бағыттары:
-Кітапханадағы жұмыстарды ұйымдастыру;
- кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер, конференциялар өткізу;
- кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процестерін ұйымдастыру;
Штаттағы 4 кітапхана қызметкері бар, соның ішінде кітапхана бөлім меңгерушісі Мұстапаева Әлима Хабибуллақызы, библиограф М.Алдашукурова, оқу залының кітапханашысы М.Қожатаева, жатақхана кітапханашысы Г.Амирова, Электронды оқу залының кітапханашысы Е.Биболов.
Колледж кітпханасының құрылымы:
Оқырман құрамы
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Оқытушылар 14% Студенттер 83,7% Қызметкерлер 2,3%
Электронды оқу залы