Колледждің екінші ғимаратының 2-ші қабаттында 201, 203-ші кабинетте орналасқан медициналық пункт бар. Корпустардың, асхананың, буфеттің санитариялық-эпидемиологиялық режимін сақтау жөніндегі функцияларды орындайтын, дәрігерге дейінгі алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсететін, студенттердің физикалық жағдайына мониторинг жүргізетін, студенттердің денсаулығын нығайтатын, студенттердің салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру жолымен фельдшер және мейірбике жұмыс істейді. Колледждің фельдшері, мейірбикесі және «ТАЛҒАТ, Spina Sanus» клиникасының учаскелік дәрігерімен бірлесе отырып колледж студенттердің оқу барысындағы жыл сайынғы флюрографиялық тексеруін қамтамасыз етіп, жыл сайынғы медициналық тексеру жүргізеді (бойын, салмағын, қан қысымын өлшеу, терапевт, гинекологтың тексеруі). Ауру анықталған жағдайда студенттер «ТАЛҒАТ, Spina Sanus» клиникасында тексеруден өтіп, амбулаториялық немесе стационарлық ем алады. «ТАЛҒАТ, Spina Sanus» клиникасының учаскелік дәрігерінің «Д» есебінде тұрған студенттер тобы құрылды. Колледж студенттері осы клиникалардың емхана базасында медициналық тексеруден өтеді, онда медициналық тексерудің нәтижелері медициналық кітапшаларда тіркеледі. Содан кейін студенттің физикалық жағдайына талдау жасалады, содан кейін студенттер дене шынықтыру сабағынан босатылады немесе сабақтар дайындық топтарында өткізіледі.

Жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралар

Денсаулық мектебінің құрылымдары:

  • Репродуктивті жастағы қыздардың денсаулық мектебі
  • Жүкті әйелдерді босануға профилактикалық даярлау мектебі
  • Назар аударыңыз, туберкулез! Мектебі
  • АИТВ/ЖИТС алдын алу мектебі
  • Сау жүрек мектебі
  • Диабет мектебі
  • Артериялық гипертензия мектебі
  • Тиімді тамақтану мектебі

     

 - Колледж студенттерін сауықтыру бойынша іс-шаралартүрлі аурулардың алдын алу бойынша дәрістер өткізу;

 - Студенттердің денсаулықты қорғау, денсаулықты нығайту дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру мәселелеріндегі құзыреттілігін арттыру;

 - Студенттердің денсаулыққа қауіп факторларының теріс әсері туралы білім деңгейін арттыруға бағытталған салауатты өмір салтын насихаттау туралы дәрістер ұйымдастыру және өткізу;

 - Студенттердің денсаулығын нығайтуға және сақтауға ықпал ететін факторларды белсенді насихаттау: әңгімелер, конференциялар, тұсау кесулер өткізу, баннерлер, стендтер ресімдеу, бейне материалдарды көрсету;

 - Физикалық белсенді өмір салтына, дене шынықтырумен, туризммен және спортпен шұғылдануға мотивация жасау;

 - Денсаулық күнін, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін, Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін, Дүниежүзілік алкоголизм мен темекі шегуге қарсы күрес күнін және т. б. өткізуге белсенді қатысу;

 - Студенттердің денсаулық жағдайын, егер ол бұзылған болса, динамикалық бақылау үшін «ТАЛҒАТ, Spina Sanus» клиникасымен бірлескен жұмыс.

Медициналық пункттің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі 08.00 – 18.00
Сейсенбі 08.00 – 18.00
Сәрсенбі 08.00 – 18.00
Бейсенбі 08.00 – 18.00
Жұма 08.00 – 18.00
Барлығы

Аптасына 5 күн 10сағаттан медициналық көмек көрсетеледі

Байланыс нөмірі: 3-23-63, 148

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg