Жатақхана колледж ғимаратының үшінші, төртінші, қабатында  орналасқан. Жалпы бөлмелердің саны - 92. Оның ішінде, 72 бөлмеге студенттер орналасқан, әр бөлмеде 4 студент тұрады, қалған 17-і арнайы қызмет бөлмелері. Атап айтқанда, жатақхана меңгерушісінің  кабинеті, тәрбиешілер бөлмесі, ем бөлмесі, медбекеті, кітапхана, қойма, 2 қонақ бөлмесі, 2 үтік басатын бөлме, 2 жуынатын бөлме, 2 душ бөлмесі, кір жуатын бөлме және әр қабатта ас дайындайтын бөлмелер және т.б. бар. Әр қабатта теледидидар тамашалауға арналған демалыс бөлмелері ұйымдастырылған.                                     

     «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 бұйрығына сәйкес білім алушыларды қоныстандыру іске асырылад

        Барлық қызмет және тұрғын бөлмелері жаңа үлгідегі жиһаздармен қамтылған. Ас дайындайтын бөлмелерге электроплиталар қойылған.   Бөлмелердің ішінде әр студенке арналған төсек орындары, шкафтар, орындықтар, кілемдер мен терезелерге ілінген перделер бар.

Жыл сайын оқу жылының басында жатақхана студенттерімен жалпы жиналыс өткізіліп, техникалық өрт қауіпсіздігі мен жатақхананың ішкі тәртіп ережелері таныстырылады. Барлық бөлмелерге техникалық өрт қауіпсіздігі ережесі ілінеді. Жатақханада белсенді студенттерден құралған Студенттер кеңес жұмыс істейді.

Студенттер кеңесі:

  • Студенттер кеңесінің төрайымы: Қожабек Назгүл М-408  топ студенті;
  • Жігіттер төрағасы: Хасенов Нұрболат
  • Тазалық секторы:  Сейітқали Қарақат, Нышан Ұлжан.
  • Мәдениет секторы: Бердібек Диана.
  • Тәртіп секторы: Мұхтарова Жасмина, Тұрсынбекова Таңнұры, Сейқасым Бақдаулет.
  • Қыздар кеңесінің төрайымы: Нұрман Аруна.

          Студенттер кеңесі үнемі бас қосып, жатақхана тұрғындарына қатысты мәселелерді (тазалық, тәртіп, оқу үлгерімі, жатақханада жиі қонбау, кезекшілікті жақсы атқармау және т.б.) кеңінен талқылап, бекітілген жоспар бойынша жатақхана меңгерушісі мен тәрбиешілердің жетекшілігімен жұмыс істейді. Студенттер кеңесі іс-шараларды ұйымдастырып, жақсы деңгейде өткізуде. Бір сөзбен айтқанда, Студенттер кеңесі өзін-өзі басқару принципін іске асыруда.

Ал Студенттер кеңесіне жетекшілік жасап отырған тәрбиешілер білімгерлердің өзара достық қарым–қатынастары жайлы, жеке басының тазалығын сақтау туралы үнемі ашық әңгімелесіп, қажет кезінде өз ақыл-кеңесін беріп қолдау көрсетеді.

          Тәрбиешілердің басты мақсаты – жас ұрпактың денсаулығына барынша көңіл бөлу, білімгерлерді салауатты өмір сүруге баулу, бойларына  адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ олардың тәртібі мен білімін қадағалау.

           Жатақханада орналасқан студенттердің бос уақытын ұйымдастырудың орны ерекше. Жатақхана қызметкерлері студенттердің жатақхангаға үйренуіне ықпал етіп жатақхананы екінші үйіндей сезінуге барлық мүмкіншіліктер жасап, студенттің бойында патриоттық сезімін оятуға тырысады. Сонымен қатар,  олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мәдени іс-шаралар, тәрбиелік жұмыстар жоспар бойынша тұрақты түрде  өткізіліп  тұрады.

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg