Түркістан жоғары медициналық колледжінің халықаралық ынтымақтастық саласындағы стратегиялық мақсаттары

Халықаралық ынтымақтастық Түркістан жоғары медициналық колледжінің стратегиялық дамуының ажырамас бөлігі болып табылады және колледждің білім беру, ғылыми және мәдени әлеуетін ғаламдық кеңістікте жан-жақты нығайтуға бағытталған.

1. Халықаралық деңгейдегі интеграцияланған білім беру ортасын қалыптастыру:

  • Мамандар даярлау ісіне озық әлемдік тәжірибелер мен білім беру стандарттарын енгізу.
  • Медициналық мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында шетелдік колледждерді тарта отырып, тәжірибе және озық білім беру әдістерімен алмасу.

2. Академиялық ұтқырлық пен кәсіби икемділікті дамыту:

  • Студенттер мен оқытушыларға кәсіби білімін тереңдетіп, түрлі денсаулық сақтау жүйелерінде практикалық тәжірибе жинақтау үшін халықаралық алмасу бағдарламаларын және қысқа мерзімді тағылымдамалар ұйымдастыру.
  • Әрбір студент пен оқытушыға халықаралық білім беру мүмкіндіктеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін тұрақты академиялық ұтқырлық жүйесін қалыптастыру.

3. Ғылыми-зерттеу және инновациялық ынтымақтастық:

  • Медицина, мейіргер ісі, аурулардың алдын алу және денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларын бастау және жүзеге асыру.
  • Білім мен технологияларды трансферлеуге бағытталған халықаралық серіктестермен бірлескен ғылыми форумдар, конференциялар, семинарлар және вебинарлар өткізу.
  • Халықаралық деңгейде ғылыми жарияланым белсенділігін дамыту, шетелдік ғылыми журналдарда мақалалар жариялау.

4. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және жаһандық құзыреттіліктерді қалыптастыру:

  • Түрлі елдердің студенттері мен оқытушылары арасында мәдениетаралық диалогты кеңейту арқылы төзімділік пен мәдени айырмашылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру, жаһандық медициналық ойлау жүйесін дамыту.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу аясында шетелдік медициналық оқу орындарымен ынтымақтастық белсенді дамуда. Бұл серіктестік ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Атап айтқанда, төмендегі беделді оқу орындарымен байланыстар орнатылды:

Мемлекет Ұйым Бағдарламалар/жобалар атауы, ынтымақтастық саласы Құжатқа сілтеме
Ресей Федерациясы «Курган базалық медициналық колледжі» мемлекеттік бюджеттік кәсіби білім беру мекемесі

1. «Қазіргі медициналық білім беру: озық тәжірибе, оқыту әдістемесіндегі инновациялар» ғылыми-тәжірибелік конференциясы. 2022 ж.;

2. «Адам анатомиясы және физиологиясы» пәні бойынша халықаралық студенттік олимпиада, Курган қ., РФ. 2022 ж.;

3. Орта және жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар арасында «World Diabetes Day» халықаралық олимпиадасы. 2023 ж.;

4. «Салауатты ұрпақ – ел байлығы» студенттік және педагогикалық бастамалар форумы. 2023 ж.;

5. «Дем алу – өмір сүру!» кәсіби шеберлік байқауы, 3 курс студенттері арасында, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша. 2023 ж.;

6. «Адам анатомиясы және физиологиясы» пәні бойынша халықаралық студенттік олимпиада, Курган қ., РФ. 2023 ж.;

7. «ДЕНІ САУ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» атты медициналық колледж студенттері арасындағы онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2023 ж.;

8. «Медициналық мейіргердің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудегі рөлі» тақырыбында УПМПС-тың 12 модулі бойынша онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2024 ж.

Меморандум
Өзбекстан Республикасы «Әбу Әли ибн Сина атындағы Алмалық қоғамдық денсаулық сақтау техникумы»

1. Тәжірибе алмасу мақсатында Алмалық техникумы қызметкерлерінің сапары. 2022 ж.;

2. Journal of new century innovations халықаралық ғылыми электрондық журналында мақала жариялау. 2022 ж.;

3. «ДЕНІ САУ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2023 ж.;

4. «Медициналық мейіргердің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудегі рөлі» тақырыбында УПМПС-тың 12 модулі бойынша онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2024 ж.

Меморандум
Өзбекстан Республикасы Әбу Әли ибн Сина атындағы Юнусабад қоғамдық денсаулық сақтау медициналық техникумы

1. «ДЕНІ САУ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2023 ж.;

2. «Медициналық мейіргердің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудегі рөлі» тақырыбында УПМПС-тың 12 модулі бойынша онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2024 ж.

Меморандум
Өзбекстан Республикасы Әбу Әли ибн Сина атындағы Сиаб қоғамдық денсаулық сақтау медициналық техникумы

1. «ДЕНІ САУ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2023 ж.;

2. «Медициналық мейіргердің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудегі рөлі» тақырыбында УПМПС-тың 12 модулі бойынша онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2024 ж.

Меморандум
Қырғыз Республикасы «Бішкек медициналық колледжі» мемлекеттік оқу орны

1. «Қырғызстан медицинасы» ғылыми-тәжірибелік журналында мақала жариялау. 2023 ж.;

2. Оқу құралдары және басқа да оқу материалдарымен алмасу;

3. «Орта буын медицина қызметкерлерін даярлаудағы инновациялық білім беру технологияларының рөлі» атты халықаралық қатысумен өтетін ғылыми-тәжірибелік конференция. 2023 ж.

Меморандум
Әзербайжан Республикасы №2 Баку базалық медициналық колледжі

1. Меморандум аясында бірлескен онлайн кездесулер мен талқылаулар. 2024 ж.;

2. Қатысушылар қызметіне қатысты мәселелер бойынша консультациялар. 2025 ж.;

3. «Медициналық мейіргердің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудегі рөлі» тақырыбында УПМПС-тың 12 модулі бойынша онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Меморандум
Литва Республикасы Литва Денсаулық сақтау министрлігінің Утена колледжі

1. Екі жақты академиялық ұтқырлығын дамыту. 2022 ж.;

2. Екі жақты студенттерінің академиялық ұтқырлығын дамыту. 2022 ж.;

3. Қатысушылар қызметіне қатысты мәселелер бойынша консультациялар.

Меморандум
Түркия Республикасы Özel Yedisu Anadolu Sağlık Meslek Lisesi Жеке Анадолы медициналық кәсіптік орта мектебі

1. Меморандум аясында бірлескен онлайн кездесулер мен талқылаулар;

2. Екі жақтың академиялық ұтқырлығын дамыту;

3. Студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту.

Меморандум
Қытай Халық Республикасы Wuhan University of Arts and Sciences School of Medicine

1. Меморандум аясында бірлескен офлайн кездесу және талқылаулар;

2. Қатысушылар қызметіне қатысты мәселелер бойынша консультациялар.

 Меморандум

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg