«ЕМДЕУ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ
БІЛІКТІЛІГІ: ФЕЛЬДШЕР
9 - СЫНЫП БАЗАСЫНДА - 3 ЖЫЛ 10 АЙ
11 - СЫНЫП БАЗАСЫНДА - 2 ЖЫЛ 10 АЙ
Фельдшер (неміс тілінен Feldscher) - орта арнайы медициналық білімі бар, диагноз қоюға және тәуелсіз ем жүргізуге немесе науқасты маман дәрігерге бағыттауға құқылы.
Фельдшер – алғашқы көмек көрсетуші ғана емес, ол – қиын сәтте науқасқа демеу болатын тұлға.
Медициналық көмектен алшақ жерлерде қызметтік міндеттері мен жұмыс нормалары тұрғысынан ол жергілікті терапевт пен жедел жәрдем дәрігерінен түбегейлі ерекшеленбейді.
Фельдшер - бұл ауруханаға дейінгі ортада жұмыс жасайтын клиник. Олар медицинаның барлық саласында шұғыл көмек көрсетеді, ауруханаға жеткізеді және мүмкіндігінше денсаулық сақтау қызметін халықты ағарту және олардың күтімін тиісті жолдарға бағыттау арқылы қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау саласында фельдшер мамандығының маңызы жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, жедел жәрдем қызметінде олардың орны ерекше. Қазіргі таңда медицинада технологиялар қаншалықты дамығанымен, шұғыл медициналық көмекті адамгершілікпен әрі кәсіби деңгейде көрсетуге дайын мамандар аса қажет.
Қызметтің негізгі мақсаты:
Біліктілік деңгейіне сәйкес жіті аурулар мен жазатайым оқиғалар кезінде емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық, жедел медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыру.
Фельдшердің қызметтері:
1. Алғашқы көмек көрсетуді қажет ететін шұғыл жағдайларды анықтау.
2. Шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету.
3. Медициналық қызметтер көрсетудің құжаттамасын (оның ішінде электрондық) қамтамасыз ету.
4. Науқасты алғашқы тексеруден өткізу.
5. Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету.
6. Ең жиі кездесетін аурулардың типтік жағдайларын диагностикалау.
7. Диагностикалық манипуляцияларды орындау.
8. Тиісті емдеуді тағайындау, анықтамалық әдебиеттерді пайдалана отырып, дәрілік препараттарға рецепт жазып беру.
9. Денсаулық сақтауды ұйымдастырудың санитариялық-гигиеналық режимінің және қоршаған ортаның эпидемиологиялық қауіпсіздігінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету.
10. Денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі нормаларын қамтамасыз ету.
Фельдшердің қызметіне мынадай емдеу манипуляциялары кіреді: жүрек - өкпе реанимациясы; трахея интубациясы, дефибрилляция; коникотомия, плевроцентез, цистоцентез; хирургиялық жараларды таңу; босануда көмек көрсету; электрокардиография түсіру және т. б.. Фельдшер үйде емделуді ұйымдастыруға, халықты уақтылы вакцинациялауға жауап беруге, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге, дәрілік препараттарды дұрыс сақтауға, пайдалануға, тасымалдауға, есепке алуға және құжаттаманы жүргізуге міндетті.
Бұл мамандықтың басты артықшылығы – адамдарға көмек көрсету.
Фельдшерлер «жедел жәрдем» станцияларында, ауруханаларда, емханаларда, диспансерлерде, шипажайларда, перзентханаларда және басқа да медициналық мекемелерде жұмыс істейді.