«ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» МАМАНДЫҒЫ

БІЛІКТІЛІГІ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ЗЕРТХАНАШЫ
9 - СЫНЫП БАЗАСЫНДА - 3 ЖЫЛ 10 АЙ
11 - СЫНЫП БАЗАСЫНДА - 2 ЖЫЛ 10 АЙ

Зертханалық диагностика - бұл пациентті емдеудегі маңызды буын, сондықтан пациенттің денсаулық жағдайы туралы нақты мәліметтер алуда өте маңызды рөл атқаратын қажетті медициналық мамандықтардың бірі болып табылады. Бұл аурудың сипатын анықтау және дәл диагнозды анықтау үшін негіз. Медициналық зертханаға барлық емдеу мекемелері, соның ішінде клиника және зертханалар, диагностикалық орталықтар, санитарлық-эпидемиологиялық станцияларға тәуелді.

Медициналық зертханашы кәсібі ақыл-ой еңбегінің кәсіптеріне жатады.

Зертханашының негізгі міндеті –дәрігер нұсқауларын орындау. Зертханашы қажетті материалдарды жинап, өңдеп, зертханалық Жабдықтың дұрыстығын қадағалауы, жүргізілетін зерттеулерге байланысты әртүрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындауы, есепке алу-есеп беру медициналық құжаттарын жүргізуі тиіс. Қажет болған жағдайда шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Зертханашының жауапты, ұқыпты, мұқият, бақылаушы болу маңызды, себебі зерттеу нәтижелері мен дәл диагнозды анықтау соған байланысты.

Зертханашылардың қызмет орындары төмендегілер болып табылады:

  • емдеу және емдеу-алдын алу және ветеринарлық мекемелер жанындағы диагностикалық орталықтар, диагностикалық зертханалар;
  • медико-биологиялық және ветеринарлық-биологиялық саладағы ғылыми-зерттеу институттары;
  • биотехнологиялық және фармакологиялық саладағы өндірістік кәсіпорындардың бөлімдері мен зертханалары;
  • денсаулық сақтау саласының ведомстволық қажеттіліктерге және ұйымдаструшылық-құқықтық нысандарына қарамастан олардың басқарушы құрылымдары.

Зертханашының мамандығының артықшылығы мен атқаратын қызметтері

  • Санитарлық заңнаманың, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың, технологиялық жетістіктер мен кәсіби дағдылардың сақталуына жауапты;
  • Жүргізілген жалпы клиникалық зерттеулердің сапасына, өз жұмысының нәтижелеріне жауап береді;
  • Медициналық ұйымдардың зертханаларында еңбек қызметі үшін жұмыс орнын тиімді ұйымдастыруға қабілетті;
  • Зертханалық гистологиялық зерттеулер жүргізу;
  • Қоршаған және өндірістік ортаның зертханалық мониторингі: өз іс-әрекеттерін жоспарланған нәтижелермен байланыстыра алады, нәтижелерге жету барысында өзінің кәсіби қызметін бақылауды жүзеге асырады;
  • Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жақсарту: технологияларға қажеттілікті анықтайды, қызметтің тиімділігін арттыру үшін зерттеулердің қазіргі заманғы зертханалық әдістерін қолданады, жоспарлайды және енгізеді;
  • Пайдаланылған материалды кәдеге жаратуды, пайдаланылған зертханалық ыдыстарды, құрал-саймандарды, қорғаныс құралдарын дезинфекциялауды және стерилдеуді жүргізеді;
  • Пациенттің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіби этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсетеді;
  • Микробиологиялық, вирусологиялық, санитариялық-гигиеналық, клиникалық-диагностикалық және биохимиялық анализдерді есепке алу, баға беру және нәтижелерін жазып беру;
  • Қазіргі заманғы барлық биологиялық материалдардың нақтамасын, дифференциалдық нақтамасын лабораториялық және аспаптық әдістерді пайдалана отырып іске асыру;

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg