Ахметова Гульнар Тулегеновна

Ахметова Гульнар Тулегеновна 2000 - 2001ж. акушерия – гинекология бойынша интернатурасын тамамдап, 2001ж.дан Түркістан қалалық ауруханасының босану бөлімінің ординаторы, 2005ж. қалалық емханасының аймақты акушер – гинекологы; 2012 – 2019жж. ЖШС «Клиника Талғат» жүкті әйелдер патология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Г.Т.Ахметова 2006 жылы Түркістан медицина колледжінің Хирургиялық аурулар ЦӘКна «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы болып жұмысқа қабылданды. Дәрігер акушер-гинеколог Г.Т.Ахметова болашақ мамандарды даярлауда теориялық және тәжірибелік білімдерін шыңдауға айрықша үлес қосып, адал еңбек атқаруда. Ғылыми конференцияларда дайындаған баяндамалары Қазақстан Республикасындағы бірнеше журналдарда жарық көрген.

2019 жылы Атырау жоғары медициналық колледжінде өткізілген «Мейіргерлік білім беру жүйесіндегі қолданбалы бакалавриаттың келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, баяндама жасаған. Акушерия, гинекология пәнінен жаңа инновациялық озық технологияларды меңгерген.

Г.Ахметова 2010 жылдан орта буын медицина қызметкерлерінің білімін арттыру бөлімінің «Акушерия – гинекология» циклының оқытушысы; 2011 - 2012жж. «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі, 2019ж. 19 наурыздан директордың өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді. 2021 ж. педагог – сарапшы, 2022ж. қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.

2024ж. ҚР оқу - ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасындағы денсаулық сақтау саласы «Акушер ісі» мамандығы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық конкурсында І орын иеленген.

Әзірлемелер:

  1. 2020 – 2023ж.ж. аралығында «Акушерлік іс» кәсіби стандартының әзірлеушісі, эксперті.

Марапаттар:

  •        ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғысы;
  •        «Ұстаз жолы» республикалық қоғамы – «Елеулі еңбегі үшін» медалі;
  •        Түркістан облысының Білім басқармасы, «Алғыс хат»;
  •        Түркістан облысының Білім басқармасы, «Құрмет грамотасы»;
  •        Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы, «Құрмет грамотасы» ;
  •        Түркістан қаласының әкімдігі, «Алғыс хат»

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg