«ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ
БІЛІКТІЛІГІ: ФАРМАЦЕВТ
11 СЫНЫП БАЗАСЫНДА - 2 ЖЫЛ 10 АЙ
Фармация (грек. pharmakeіa — дәрі, дәріні қолдану) — денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы. Фармацияның теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады. Фармация ұғымы ертеден белгілі. Алғашқы кезде емдейтін адам өсімдік, жануар және минералдық заттардан алынатын дәрілерді өзі дайындап, науқасқа өзі тағайындады. Сондықтан да мұндай емдеулер көп жағдайда әр түрлі әдет-ғұрып және ырым-жоралармен жасалды. Біртіндеп дәрілік шикізаттарды жинайтын, олардан әр түрлі дәрілер жасап, дұрыс сақтап, сататын адамдар шыға бастады.
Фармацевт - бұл технологиялық процестің ерекшеліктерін ескере отырып, дәрілік түрлерді дайындау және оларды халыққа және емдеу-алдын алу мекемелеріне жіберу, сондай-ақ дайын дәрілік түрлер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату жөніндегі маман.
Фармацевт фармацевтикалық іс негіздерін білуі тиіс. Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру принциптері және экономика негіздері. Фармацевтикалық қызмет бойынша құжаттарды ресімдеу. Фармацевт дәрі-дәрмектерді сатумен айналысатын дәріханаларда, көтерме фирмаларда, дәрілік препараттарды өндіретін зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейді.
Фармацевт келесі қызмет түрлерін орындай алады:
- ұйымдастыру-басқарушылық (дәріханалардың рецептісіз босату бөлімінің, дәріханалық пункт және дүңгіршектердің жұмысын ұйымдастыру);
- өндірістік (дәрілік заттарды дәріханада дайындау, эталонды, титрленген ерітінділерді, реактивтерді дайындау, химиялық ыдыстармен, өлшеуіш құрал-жабдықтармен жұмыс істеу, фармацевтикалық талдау, дәрілік өсімдіктер шикізаттарын макро және микроскопиялық тауарлық талдау, рецептісіз босатылатын дәрілік заттарды көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы сатып өткізу жұмыстарын орындау);
Сонымен қатар фармацевт мамандығы дәрі дайындау, жинау және саралау дағдыларын білдіреді. Мамандық иесі дәрі құрамындағы компоненттерден, оларды тағайындау мен қолдану ерекшеліктерінен, басқа дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттесуінен хабардар болады.
Осы маманның міндеттеріне мыналар:
- дәріхананың: оның қызметкерлері мен техникалық бөлімнің (аспаптардың) қызметін қамтамасыз ету;
- дәріханада дәрілердің бар болуын қадағалау, рецепттерді қабылдау және олар бойынша дәрілерді жіберу;
- сатып алушыларға кеңес беру;
- рецепттер бойынша дәрілерді дайындау;
- қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету және т.б. кіруі мүмкін.
Фармацевт жоғары фармацевтикалық білімді фармацевт мамандардың бақылауымен келесі ұйымдарда жұмыс істей алады:
- түрлі меншіктегі фармацевтикалық ұйым және кәсіпорындарда (дәріханалар, фармацевтикалық көтерме және бөлшек сауда фирмалары, дәріханалық пункттер және дүңгіршектер);
- дәрілердің сапасын бақылау, дәрілерді стандарттау, сертификаттау зертханаларында және басқа да химиялық, биохимиялық зертханаларда.
Фармацевт жауапкершілік, шыдамдылық, нақтылық, жақсы есте сақтау мен зейін қою, ақпаратпен жұмыс істеуге бейімділік сияқты қасиеттерге ие болуы керек.
Фармация - дәрілік заттарды әзірлеумен, дәрілік субстанциялардың табиғи көздерін іздеумен, осы субстанцияларды зерттеумен, сақтау, дайындау, жіберу және маркетинг мәселелерімен айналысатын ғылыми-тәжірибелік пәндер кешені. Қазіргі заманғы мамандықтардың ішінде фармацевтикалық мамандық ең қызықты және болашағы мол мамандықтардың бірі болып саналады.