Қыркүйек - 2025 жыл

      02.09.2025 Түркістан жоғары медицина колледж кітапханасында Ашық есік күні аясында студенттерге «Кітапхана – табыс мекені» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге тарихи және танымдық әдебиеттер, білім беру саласы бойынша кітаптар, бабалардан қалған асыл сөздер, балаларға араналған энциклопедиялар және т.б жаңадан келіп түскен әдеби кітаптар қойылды. Көрмеге шолу жасалып, оқырмандарымызды жаңа кітаптармен таныстырды. Шара соңында оқырмандарымыз кітапханаға саяхат жасады.

https://www.instagram.com/p/DQ3wlkxjP8_/?igsh=MWw4bzNmNHY2NDNybg

      09.09.2025 «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!». Тақырыбында М-107 тобымен кураторлық сағат өтті.

https://www.instagram.com/p/DQ3wlkxjP8_/?igsh=MWw4bzNmNHY2NDNybg

   18.09.2025 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты тқырыбында әлеуметтік желі арқылы оқырмандарға насихаттау.

https://www.instagram.com/p/DQ3wlkxjP8_/?igsh=MWw4bzNmNHY2NDNybg

Қараша - 2025 жыл

      06.11.2025 «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру барысында Түркістан жоғары медицина колледж кітапханасында, «Мен оқып шықтым,сізге де оқуға кеңес беремін» атты библио-жарыс өткізілді. Іс-шараға Е-103, ҚБ-205,СД-401,СД-109 топ студенттері қатысты. Білімгерлер өздерінің оқыған кітаптарының мазмұнымен бөлісіп,студенттерге кітаптарымен алмасып бір-біріне ұсынды. Кітапқа деген қызығушылық-жеңіске жетелейтін күш!

https://www.instagram.com/p/DQ3wlkxjP8_/?igsh=MWw4bzNmNHY2NDNybg

      10.11.2025 «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру барысында Түркістан жоғары медицина колледжі кітапханасында Ұлтымыздың рухани көсемі, данышпан ойшыл, мәңгілік мұра иесі — Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Қара сөздер» - рухани тәрбие көзі тақырыбында ауқымды мәдени-ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/DQ3wlkxjP8_/?igsh=MWw4bzNmNHY2NDNybg

      10.11.2025 Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Кітап сарқылмас рухани байлық» тақырыбында әдеби кейс өткізілді.

https://www.instagram.com/p/DRJ2rZzDK1w/?igsh=d2RqcW14ajMzdW9i

Желтоқсан - 2025 жыл

      10.12.2025 күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру барысында Түркістан жоғары медицина колледжі кітапханасында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында,тарих пәнінің оқытушысы Мұханова Клара апай және Әутенов Даулет ағайымызды шақырып, студенттермен сұхбаттасу кеші өтті. Бұл күн ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етіп, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.

https://www.instagram.com/reel/DSSLxMxDCEq/?igsh=MW1iMTd6dWUyNjQybg

Қаңтар - 2026 жыл

      23.01.2026 Түркістан жоғары медицина колледжінде Ұлтымыздың рухани көсемі, данышпан ойшыл, мәңгілік мұра иесі — Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Қара сөздер» - рухани тәрбие көзі тақырыбында ауқымды мәдени-ағартушылық танымдық іс-шарамызға қош келдіңіздер!2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.

https://www.instagram.com/p/DUArmqVkmrE/

Ақпан - 2026 жыл

9 ақпан – Түркістан жоғары медицина колледжі кітапхана оқу залында қазақтың лирик , мұзбалақ ақыны прэзияның дара тұлғасы, жүрекке жеткен жырлардың иесі , Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэтикалық кеш өтті.

https://www.instagram.com/p/DUkxTlZDF5W/?stkn=MWo5bTNlN2ZqNTJvaQ==

📖 Кітап оқып жарысайық —

Біліммен биікке самғайық!

16 ақпан – Түркістан жоғары медицина колледжі кітапхана оқу залында ✨Кітап – адамның ішкі әлемін тыныштықпен тербейтін, санасын оятатын үнсіз ұстаз. Оқырман әр бетті парақтаған сайын ойы тереңдеп, сөз саптауы көркейе түседі. Уақыт өте келе оның тілі байып, пікірін нақты да әсерлі жеткізе алатын деңгейге жетеді. Кітаппен дос болған жан өмірге басқа қырынан қарай бастайды, ұсақ ойдан биік мақсатқа бет бұрады. Осындай рухани байлық пен білім адамды өз биігіне жетелеп, жарқын болашаққа жол ашады.

https://www.instagram.com/p/DUp-PU0DCFP/?stkn=em9uc2U0M21vM2Jx

27.02.2026. Түркістан жоғары медицина колледжі кітапханасының оқу залында Алғыс айту күніне орай этносаралық татулықты насихаттау мақсатында “Өмірге риза болып, алғысыңды айт” тақырыбында жалпы білім беру бөлімінің ата-аналарымен және ұстаздарымен сұхбаттасу кеші өткізілді.

Алғыс айту күні – еліміздегі татулық пен бірлікті нығайтатын, жүректерге жылу сыйлайтын ерекше мереке. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылық білдіріп, қамқорлық пен мейірімге толы игі істерді дәріптейтін маңызды күн.

Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналар мен ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау, студенттердің жүрегіндегі алғыс сезімін ояту және отбасы мен білім құндылықтарын дәріптеу болды. Кеш барысында студенттер ата-аналары мен ұстаздарына жылы лебіздерін білдіріп, шынайы алғыс сөздерін айтты.

Сұхбат форматында өткен кездесуде ата-аналар мен ұстаздар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, мамандық таңдаудағы маңыздылық, табандылық пен еңбекқорлық туралы тағылымды ойлар айтты. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Кеш барысында жүрекке жылы әсер сыйлаған өлеңдер оқылып, әсерлі әндер шырқалды. Шара ерекше ықылас пен шынайы сезімге толы болды. Ата-аналар, ұстаздар мен студенттер арасындағы рухани байланыс нығайып, ризашылық пен құрмет сезімі айқын сезілді.

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында адамгершілік, мейірімділік және алғыс айта білу мәдениетін қалыптастыратыны сөзсіз.

https://www.facebook.com/share/r/1cBRBhGkCD/?mibextid=wwXIfr

Наурыз - 2026 жыл

      Түркістан жоғары медицина колледжі кітапхан оқу залында   №4 ЦӘК, кітапхана, тәрбие бөлімі ұжымдарының үйымдастыруымен «Жыл басы күні - мол дастархан жаю, наурыз көже дайындау» тақырыбында іс-шара өткізілді. Жыл басы күні – бұл Наурыз мейрамы. Бұл күні әр үйде мол дастархан жайылып, ұлттық тағамдар дайындалады. Ең басты тағам – Наурыз көже.

Мол дастархан жаюдың мәні:

Наурызда дастархан неғұрлым бай болса, жыл да соншалықты берекелі болады деп сенген. Сол себепті дастарханға ет, бауырсақ, қымыз, шұбат, тәттілер қойылады. Бұл – қонақжайлықтың, молшылықтың белгісі

https://www.facebook.com/share/v/1JbCJTtffw/?mibextid=wwXIfr

"Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер" атты виртуалды кітап көрмесі.

2026 жылдың 12 наурызда Түркістан жоғары медицина колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. "Көркем фильмдер түсірілген кітаптар" Сүйікті фильмдеріңізді көру-бұл бір ғанибет, ал олар негізделген кітаптарды оқу екі есе қызықты. Кез-келген кітаптың негізінде автор айтқан әңгімелер жатыр.

Фильмдер оқырманға кейіпкерлерді, сахнаны, тарихи дәуірді және басқа да көптеген маңызды нәрселерді көруге мүмкіндік береді. Сіз фильм режиссерінің көзқарасын және кітаптың белгілі бір сәттеріне деген көзқарасыңызды салыстыра аласыз, өзіңіз үшін тың дүниелерді таба аласыз. Сонымен қатар, керемет актерлік шеберліктен және режиссердің ерекше ләззат алудан артық не бар.

https://www.facebook.com/share/v/1JbCJTtffw/?mibextid=wwXIfr

Қыркүйек – 2026 жыл

Құрметті М-105 студент жастары!

1 қыркүйек – Білім күнімен және «Қазақстан Республикасының Конституциясы- Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Жаңа оқу жылы тың идеяларға, шығармашылық ізденістерге, қызықты жобалар мен толағай жетістіктерге толы болсын! Оқырмандарымыздың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріміз әрдайым жемісті болғай.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге шабыт пен табыс тілеймін! Жаңа оқу жылы құтты болсын!

https://www.instagram.com/p/Dcz-Z5cjAsh

09.09.2026 жылы Кітапхананың оқу залында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында М-105 тобының студенттері арасында «Әкемнің ақылы, анамның мейірімі» атты ата-аналарға арналған «100 жылы сөз» хат жазу акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара «ШАБЫТ» жобасы аясында өткізілді. Акция барысында студенттер ата-аналарына деген сүйіспеншілігі мен алғысын, жүрекжарды тілектерін ақ қағаз бетіне түсіріп, өз ойларын еркін жеткізді. Жазған хаттарын ұялы телефон арқылы ата-аналарына жолдап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

https://www.facebook.com/share/p/19oArfznWw/

https://www.facebook.com/share/p/1BxrWakXBV/

https://www.instagram.com/p/Dc2lMrRjEBa

04.09.2026 Түркістан жоғары медицина колледжі Емдеу ісі-101 топ студенттері

«Абай мұрасы – ұлттың асыл қазынасы».

Абай шығармаларын жатқа айтудан желілік марафонды Емдеу ісі-102 тобына жолдаймыз

https://www.instagram.com/p/Dc2lMrRjEBa

Құрметті колледж қызметкерлері, және оқытушы студенттер!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасын Түркістан облысы бойынша қолдау мақсатында баршаңызды жобаның ресми парақшасына тіркеліп, жарияланымдарға белсенді түрде қатысуға және қолдау көрсетуге шақырамыз.

Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, білім мен руханиятты арттыру – баршамызға ортақ міндет.

Осы игі бастамаға белсене қатысып, жарияланымдарды бөлісу арқылы қолдау көрсетіп, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз!

Бірге қолдайық! Бірге оқиық!

Кітап оқитын ұлт – білімді ұлт!

https://www.instagram.com/p/DdGJ_S0NuW6

10.09.2026 Түркістан жоғары медицина колледжі Мейіргер ісі -105 топ студенттері

«Абай мұрасы – ұлттың асыл қазынасы».

Абай шығармаларын жатқа айтудан желілік марафонды Емдеу ісі-106 тобына жолдаймыз

https://www.instagram.com/p/DdGKidOjY09

КІТАП ОҚИТЫН КОЛЛЕДЖ– КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТТЫҢ БАСТАУЫ!

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясындағы «Кітап оқитын колледжі» бағыты бойынша Түркістан жоғары медицина колледжінің студенттері барша жастарды кітап оқуға шақырады.

📖 Кітап оқу – білімді толықтырудың, ой-өрісті кеңейтудің және рухани дамудың маңызды құралы.

Кітап оқиық, білімімізді арттырайық, кітап оқитын ұлт қалыптастырайық!

https://www.instagram.com/reel/DdYirfbNat1

Қазан - 2026 жыл

«12» 10   2026 ж Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин: білім, еңбек, тәрбие» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

https://www.facebook.com/share/v/1DgMeYGwDL/?mibextid=wwXIfr

https://www.facebook.com/share/v/1B9fWytBcd/

https://www.instagram.com/p/DeeckLrDY72/?rpxt=MTFmd3h2azU4eGhpeA==

21.10.2026 Түркістан жоғары медицина колледжінің кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/DfBlqHXjak_/?srtk=anZ6ZjM2MXV0MXZp

https://www.facebook.com/share/r/1DpvkdYYAE/

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg