№6 Фармация және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясы

       №6 Фармация және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясында қазіргі таңда 13 оқытушы 1 лаборант жұмыс жасайды. Оның ішінде 12 оқытушы жоғары фармацевтикалық білімі бар провизорлар мен фармацевттер, 1 оқытушы химик. Оқытушылардың ішінде екі оқытушы зерттеуші, бір оқытушы сарапшы, бес оқытушы модератор санатында, ал қалған бесеуі жас оқытушы.

        Циклдік әдістемелік комиссияның төрайымы провизор, зерттеуші санатының педагогі Абдраманова Нагима Сейткарымовна.

        Циклдік әдістемелік комиссияда негізгі оқытылатын пәндері: «Фармация» мамандығы бойынша барлық арнайы пәндер және «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Стоматология»,                «Акушер ісі», «Лабораториялық диагностика», «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандықтары бойынша «Фармакология, фармакотерапия» және «Латын тілі».

Фармация мамандығы бойынша студенттердің кәсіби дамуымен білім беру үрдісін жетілдіру мақсатында жабдықтау табеліне сәйкес оқу – лабораториялық, тәжірибелік бөлмелер және қосымша «Оқу дәріханасы» мен «Фитобар» ұйымдастырылған.

Фармакология пәні бойынша оқу бөлмесі дәрі-дәрмектерді фармакологиялық топтармен топтастырып, орналастыруға арналған тартпалар мен сөрелері бар арнайы шкафтар, кестелер, телевизор және компьютермен жабдықталған. Фармакогнозия, дәрілік нысандар технологиясы фармацевтикалық және аналитикалық химия менеджмент және маркетинг негіздері мен фармацияны ұйымдастыру және оны экономика ісі пәндері бойынша, сабақ өтілетін бөлмелер әр пән бойынша екі бөлмеден тұрады. Сабақтың теориялық бөлімін өтуге арналған бөлме және тәжірибелік бөлімін өтуге арналған бөлме.

Соңғы үлгідегі замануи жабдықтармен жабдықталған химия кабинетінде, сабақтың теориялық бөлімінде студенттер оқытудың техникалық құралдары арқылы білімін жетілдірсе, тәжірибелік бөлімінде теорияда алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып лабораториялық жұмыстар жасай алады.

           Фармакогнозия пәні бойынша  студенттер теориялық сабақта арнайы көрнекіліктермен, яғни кеппешөп сақталатын шкаф, плакаттар, стендтер, компьютер интерактивті тақта және т.б.көмекші құралдармен жабдықталған кабинетте білім алса, тәжірибелік сабақты дәрілік өсімдіктер кеппешөптер, өсімдік шикізаттары, микроскоптар, реактивтер мен және т.б.көмекші құралдармен жабдықталған ботаника мен фармакогнозия пәндер бойынша, тәжірибелік бөлмесінде сонымен қатар, колледжідегі жұмыс жасап тұрған «Фитобар» «Фито огородты» қолданып өткізеді. “Фитобар” мен «Фито огородты» колледжідегі фармация мамандығы бойынша ұйымдастырылған, «Ізденуші фармацевт» және «Зерттеуші химик» үйірмесінің ғылыми базасы және дәрілік нысандар технологиясының тәжірибелік бөлмесі болып табылады. Фито огородта студенттер дәрілік өсімдіктерді өсіріп, олардың өсу кезеңдерін толық бақылап, көруге, кеппе шөптер дайындауға шикізат ретінде өз уақытында жинап кептіреді, фито шайларды дайындау үшін жинақтардың құрамына енгізу немесе фитобарда арнайы тапсырыстар бойынша инфундир аппаратын, инфундир шәйнектерді қолданып арнайы іріктелген жиынтықтар арқылы фитошайлар дайындап кәсіптік пәндер бойынша дағдыларды қалыптастырады. Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және оны экономикасы пәні бойынша теориялық сабаққа арналған бөлмесінде студенттер оқытудың техникалық құралдары арқылы білімін жетілдірсе, тәжірибелік дағдыларды колледжідегі оқу дәріханасында қалыптастырады. Оқу дәріханасы арнайы дәріхана жиһазы, витрина фармакологиялық топтары бойыша орналастырылған дәрілердің қорапшалары, тіркеу журналдары, бұйрықтар, жарнама анотациялары, әдебиеттермен жабдықталған

 

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg