Түркістан жоғары медицина колледжі медицина және фармацевтика салалары бойынша кәсіби білімді, заман талабына сай мамандар даярлайтын республикаға танымал оқу орны. Алпыс жылдық тарихы бар Түркістан жоғары медицина колледжін «Құрмет» орденінің иегері, Түркістан қаласының құрметті азаматы, м.ғ.к. Бимурзаев Ғалымжан Нұрманұлы басқарады. Болашақ орта буынды медицина мамандарына жоғары тәжірибелі дәрігерлер мен білікті оқытушылар дәріс береді. Іргелі оқу орнының 5 қабатты 2 оқу ғимараты, 292 орындық жатақханасы, заман талабына сай 103 пән бөлмелері мен зертханалары, 4 компьютер класы, симуляторлар мен тренажерлармен жабдықталған 4 оқу-симуляциялық, реабилитациялық, медициналық эргономика, паллиативті және хоспистік көмек көрсету орталықтары, спорт кешені, 2 электронды оқу залы, 300 компьютерлермен жабдықталған, интернет желісіне қосылған WI-FI, корпоративтік байланыс жүйесі орнатылған дәріс бөлмелері мен «Интернет» залы, 70000 бірліктен астам кітап қоры бар бай кітапханасы, анатомия мұражайы, фитобар, фитоогород, оқу дәріханасы білім алушыларға қызмет көрсетеді.

Түркістан жоғары медицина колледжі – бұл сапалы білім!

Түркістан жоғары медицина колледжінде Ашық есік күні 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін күн сайын өтетінін қуана хабарлаймыз.

Біздің кеңесшілер сіздің барлық сұрақтарыңызға дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін жауап береді.

Сондай-ақ, қабылдау комиссиясының телефон нөмірлері бойынша онлайн кеңес беруді ұсынамыз:

+77754045599

+7 725 33 31236;

+7 725 33 32363

Біздің колледждің есігі сіздер үшін ашық!

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg