«СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ
БІЛІКТІЛІГІ: ДАНТИСТ
9 - СЫНЫП БАЗАСЫНДА - 3 ЖЫЛ 10 АЙ
11 - СЫНЫП БАЗАСЫНДА - 2 ЖЫЛ 10 АЙ
Стоматология (грек. stoma, stomatos – ауыз және logos – ілім) – клиникалық медицинаның тіс, ауыз қуысы, жақ сүйектері, бет пен мойынның оған шектесетін бөліктерінің ауруларын зерттейтін саласы.
Дантист - стоматология мамандығының бір біліктілігі. Дантист тіс пен қызыл иек ауруларын емдеумен айналысады.
Дантист - орташа медициналық білімі бар тіс дәрігері. Тіс және ауыз қуысын мына көріністермен емдеуге құқылы – кариес, пародонтоз, стоматит.
Тіс дәрігерінің құзыретіне тексеру, бақылау, бұзылған тістерді, тіс шөгінділерін, тістеу патологиясын анықтау кіреді. “Дантист” біліктілігі орташа медициналық білімі бар маман тіс дәрігері, дәрігер – стоматолог көмекшісі, тіс технигі, тіс протездеу бөлімшесінің зертханашысы сияқты лауазымдарды атқара алады.
Дантисттің міндеттері:
- Ол тістердің, ауыз қуысының және жақ-бет аймағының аурулары мен зақымдануларын диагностикалау мен емдеуді жүзеге асырады.
- Тіс аурулары мен зақымдануының алдын алу, балалар мен ересектердегі ауыз қуысын санациялау бойынша жұмыстар жүргізеді.
- Ол тіс протездерін, жасанды тәждерді, соның ішінде металл керамиканы, штифті тістердің қарапайым конструкцияларын, көпіртәріздес, бюгельді және алмалы-салмалы пластиналы протездерді, ортодонтиялық және жақ-бет конструкцияларын жасайды.
- Бөлшектерді, протездер мен аппараттарды дәнекерлеу, балқыту, күйдіру, ағарту, әрлеу, жылтырату жұмыстарын жүргізеді.
- Бөлімшені (кабинетті) медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және материалдармен жүйелі түрде толықтырады, бөлімшедегі мүлік пен медициналық құрал-саймандардың сақталуын және құрал-жабдықтардың уақытылы жөнделуін, күшті әсер ететін, улы, есірткі және психотроптық дәрілік заттарды есепке алу мен сақтаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
- Асептика және антисептика ережелерінің орындалуын, тіс дәрігерінің тапсырмаларын уақтылы және дәл орындалуын, тіс протездеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді.
- Есепке алу-есеп беру медициналық құжаттарын жүргізеді.
- Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Дантисттің бойында жауапкершілік, мұқияттылық, байсалдылық, шыдамдылық, зеректік, ақ пейілділік сияқты қасиеттер болуы тиіс.
Осы мамандықтың артықшылығы - аралас салаларды меңгеру, мамандандыру және дамыту мүмкіндігінің болуында, адамдарға көмектесуінде.
Дантистердің кәсіби қызмет орындары төмендегілер болып табылады:
- емдеу-профилактикалық мекемелер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, тіс дәрігері және тіс технигі ретінде жұмыс істей алатын түрлі меншіктегі ауылдық дәрігерлік амбулаториялар.
Дантистер келесі қызмет түрлерін орындай алады:
- орталықтарда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда, тіс техникалық зертханаларда әртүрлі жастағы науқастарға алғашқы тіс техникасына қатысты көмек көрсету;
- әртүрлі жастағы балаларға,ересектерге ауыз қуысы аурулары туралы кеңестер беріп, иммунопрофилактика және диспансерлік бақылау жүргізу;
- қазіргі заманға сай зерттеу әдістерін пайдалана отырып дифференциалдық диагностика жүргізу, сондай -ақ жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын алу