№2 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ

          Медицина мамандықтары бойынша барлық  білім беретін оқу орындарында міндетті түрде медициналық биология, генетика, молекулалық биология, медициналық генетика пәндері оқытылады.  Осыған орай, Түркістан медицина колледжінде Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы 1998 жылы ұйымдастырылып кафедраны 2000 жылға дейін Байтұрсынов Қожахмет Байтұрсынұлы басқарған.

2002 – 2006 жыл аралығында  Баратова Еркінай Егембердіқызы басқарып, осы уақытта жаратылыстану кафедрасынан анатомия және морфология кафедрасы бөлініп шықты.

2006–2008 жыл аралығында  Абдраймов Нұрлан Абдраимұлы,  2008 – 2011 жыл аралығында биология ғылымдарының кандидаты Иманова Дайраш Нұржігітқызы басқарған болатын.

       2010-2011 оқу жылында  кафедра орнына циклдік әдістемелік комиссия (ЦӘК) атауы беріліп, 2011-2012 оқу жылында № 12 информатика, математика пәндері бөлек физика – математика және туыстас пәндер бойынша ЦӘК болып бөлініп шықты. Ал №2 Жаратылыстану пәндер бойынша циклдік әдістемелік комиссиясын  Қоштаева Салтанат Қалдыбайқызы бүгінгі күнге дейін басқарып келеді.

                   ЦӘК-те молекулалы биология, медициналық генетика, медициналық биология және генетика, биология пәндері оқытылады. 6 оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде 2 зерттеуші, 3 срапшы,, 1 магистр  оқытушы.           №2 Жаратылыстану пәндері бойынша ЦӘК  оқытушылары  тарапынан бірнеше оқу әдістемелік құралдар мен студенттің өзіндік жұмыс дәптерлері жазылды. Биология пәні бойынша Республикалық  оқу әдістемелік бірлестіктер тарапынан екінші орынға ие болған.

1/1
  • 3eqwsadq3.jpg
  • b-005.jpg
  • b-06.jpg
  • b-2050.jpg
  • b-adilet.jpg
  • b-altyn.jpg
  • b-assambleya.jpg
  • b-con.jpg
  • b-egov.jpg
  • b-genprok.jpg
  • b-history.jpg
  • b-pam.jpg
  • b-prime-min.jpg
  • bannery140-2.jpg
  • bez-imeni-7.png
  • kazpatent.jpg
  • laz1.jpg