№10 «Балалар аурулар және туыстас пәндер» бойынша циклдік әдістемелік комиссиясы
Түркістан Жоғары медицина колледжінің №10 «Балалар аурулары және туыстас пәндер» Циклдік Әдістемелік Комиссиясы 2014 жылдан бері жұмыс атқаруда, жаңадан құрылған кезде 7 оқытушы, 2 лаборант жұмыс жасаған. Қазіргі таңда 15 оқытушы, оның ішінде сарапшы 2, модератор 6 оқытушы, 3 магистр, 3 резидент, 2 лаборант жұмыс атқаруда.
Мұғалімдер жаңа оқу әдістері мен технологияларды енгізу арқылы оқу сапасын жақсартуға үлес қосуда. Бұл – цифрлық технологияларды пайдалану, интерактивті әдістерді қолдану, студенттердің өздігінен білім алуына бағытталған жаңашыл тәсілдерді енгізу сияқты жетістіктер көрсетуде.
Студенттер түрлі байқауларда, олимпиадаларда, ғылыми-зерттеу жобаларында жетістіктерге жетуде, бұл да кафедра оқытушыларының кәсіби біліктілігін дәлелдейтін көрсеткіші болып табылады.
ЦӘК-те оқытылатын пәндер:
2.1. Педиатрия
2.2. Педиатриядағы мейіргер ісі
2.3. Психиатрия
2.5. Психиатриядағы мейіргер ісі
2.6. Дерматовенерология
2.7. Дерматовенерологиядағымейіргер ісі
2.8. Наркологиялық курсымен психикалық аурулар
2.9. Психикалық денсаулық және наркологиядағы мейіргерлік күтім
2.10. Неврология
2.11. Неврологиядағы мейіргер ісі
2.12 Отбасылық күтім
2.13 Психикалық денсаулық және аддикция
2.14 Функционалдық мүмкіндіктерді жақсарту