2025 жылғы 4 тамызда «Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түркістан жоғары медицина колледжі» мемлекетік коммуналдық кәсіпорнының мәжіліс залында 2024 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 13 тамыз аралығындағы кезеңді қамтитын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың алдын ала қортындыларын талқылау бойынша ашық жиналыс өтті. Жиналыс барсында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала нәтижелері ұсынылып,талқыланды. Нәтижесінде тиісті аналитикалық анықтама әзірленіп, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім лауазымдар тізімі анықталып,қалыптастырылды. Жиналыс барлық қатысушылардың белсенді қатысумен конструктивті жағдайда өтті.
